№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы (бұдан әрі -Аурухана) Астана қаласының балаларына медициналық көмек көрсететін көп бейінді аурухана болып табылады.
Аурухана 1993 жылы 300 орындық «Целиноград облысы облыстық балалар ауруханасы» ретінде ашылды. Одан әрі Астана қаласы әкімдігінің «№2 қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәртебесі берілді.
2012 жылы желтоқсанда аурухананың жаңа ғимаратқа көшуі аурухана тарихының ерекше оқиғасы болды. Жаңа стационарды таныстыру барысына Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.
Клиника толық көлемде мыналарды қамтамасыз етеді:
Клиниканың қуаты:
стационарда 350 сметалық орын және АРҚТБ 18 сметадан тыс орны;
80% сметалық орын хирургиялық бейінді орынды құрайды (350 орынның 280-і).
20% соматикалық орын (30 орын - неврология, 30 орын - гастрологиялық, эндокринологиялық, пульмонологиялық, педиатриялық, токсикологиялық, ревматологиялық бейіндермен күрделі соматика бөлімшесі).
Клиника құрамында 13 клиникалық және 8 параклиникалық бөлімше, тәулік бойы травмотологиялық пунктпен шұғыл хирургияның қабылдау бөлмесі;
25 балалар мамандығы және 3 педагог (логопед, дефектолог, психолог) ауысымына 250 келушілерген консультативтік-диагностикалық орталық. 40 орынға аралас бейінді күндізгі стационар: 20 педиатриялық және 20 хирургиялық.
Сондай-ақ 2016 жылдан бастап шаруашылық есеп бөлімшесі жұмыс істейді және клиникалық медицина саласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.
Аурухананы қаржыландыру мамандандырылған медициналық көмек (ММК), тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК), жоғары мамандандырылған медициналық қызмет (ЖММҚ! Көрсету аясында жүзеге асырылады. Жоспарды орындау 100 пайыз.
Қазіргі уақытта Аурухана практикалық денсаулық сақтау мекемесі туралы бастапқы көрінісінің аясынан баяғыда шыққан жалғыз балалар көп бейінді ауруханасы болып табылады.