Жасөспірім жасы - әлсіздігі басым болатын уақыт. ДДСҰ ұйғарымы бойынша жасөспірімдердің АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупіне осалдығы мінез-құлықтың қауіпсіз үлгісін таңдай алмауынан екен. Бұл АИТВ жұқтыру қаупіне алып келеді.
Жасөспірімдердің осалдығы күшейтуге ықпал ететін факторлар:
ӨСОА алдын алу туралы «Бала денсаулығы – біздің қолымызда!»
Балаларда төменгі тыныс жолдарының жиі ауруы ересек жаста ӨСОА-ға алып келуі мүмкін. Бұл кеңірдектің өтімділігі бұзылатын ауыр обструктивтік синдроммен (тұншығу) терапияға нашар бейімделетін ауру.
Ол іседі, шырышқа толады, салдарынан тыныс алуға кедергі келтіретін тарылу пайда болады. Ұйқы бұзылады, тәбеті болмайды, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу сияқты белгілер болады.
ӨМОА тудыратын басты фактор темекі шегі не «пассивті темекі шегу». Бұл әсіресе балалардың денсаулығына әсер етеді, өйткені олардың тыныс алу жиілігі жоғары, ағзасы даму үстінде. Таза ауада бірге жүрсеңіз де, баланың көзінеше темекі шегуге болмайды.
Темекі өнімдері – дайындау үшін темекі жапырағы шикізат ретінде пайдаланылатын, шегуге, соруға, шайнауға немесе иәскеуге арналған өнім. Барлық мұндай өнімдердің құрамына никотин – қатты әдеттенуді тудыратын психотроптық компонент.
Темекгі шегу обыр, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруын қоса алғанда бірқатар созылмалы аурулардың даму қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұған қарамастан, темекі шегі күллі әлемде кеңінен таралған.
Бірқатар елдерде темекі жарнамасын шектейтін, темекі сатып алатын, қолданатын адамдар тобын анықтайтын және темекіге арналған аймақты реттейтін заңдар қабыланды. ДДСҰ статистикасы қазіргі темекі шегетін адамдардың 90 пайызы оны кәмелеттік жасқа тлмаған кезден бастаған. Олардың темекі шегуіне себеп барынша жеткілікті. Біреуі имиджіне оң әсер етеді десе, енді бірі үлкен болып көрінгісі келеді, енді бірі салмақ тастағысы келсе, бірі тәуелсіз болып көрінгісі келгеннен шеккенін айтады.
Жүрек-қан тамырлары жүйесін, қаңқа бұлшықетінің тінін нығайту, инфекциялық емес аурулар тәуекелін төмендету үшін физикалық белсенділіктің мынадай практикасы ұсынылады:
Физикалық белсенділікпен күнделікті айналысу, жалпы 60 минутқа созылуы тиіс. Алайда бұл жаттығуларды бір күн аралығында ұзақтық блоктарын бөліп айналысуға болады (мысалы, 30 минуттан 2 рет).
Бейтарап өмір сүретін балалар мен жастарға ақыр соңында жоғарыда көрсеткен мақсатқа жетуі үшін белсенділікті үдемелі арттыру ұсынылады. Ол үшін аз көлемінен бастап, ұзақтықты, жиілікті, қарқындылықты біртіндеп ұлғайту қажет.
Қазіргі кезеңде дене шынықтырумен айналыспайтын балалар үшін ұсынылған деңгейден төмен көлемде белсенділік таныту оның мүлдем жасамағанына қарағанда, көп пайдасын тигізетінін есте сақтаған жөн.