Халықты бекіту

Аумақ бойынша халықты бекіту туралы ақпарат

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдарға азаматтарды бекіту 

Бекіту – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында оны алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша БМСК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу.

БМСК ұйымдарына азаматтарды бекіту тіркелген орны, тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмысы, оқитын орны, сондай-ақ медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жүзеге асырылады.

Азамат БМСК ұйымдарының біріне ғана бекітіле алады.

Азаматты БМСК ұйымына бекіту туралы куәландыратын құжат Осы қағидаға қоса берілген № 057/у нысанға сәйкес медициналық ұйымға бекіту талоны (бұдан әрі - талон) болып табылады.

БМСК ұйымына бекітілу үшін азаматтар мынадай құжаттар ұсынады:

1. Өтініш;

2. Жеке куәлігі (төлқұжат, туу туралы куәлік) немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

Бекітілген орны өзгерген жағдайда бұрынғы бекітілген орны бойынша берілетін талонның қосымша жыртылған бөлігін (тіркеуден шығу) беру қажет.

БМСК ұйымы азаматтардың жеке өтінішімен, сондай-ақ бекітілген аумақты аралау арқылы бекітуді жүзеге асырады.

Денсаулық жағдайы бойынша дербес БМСК ұйымына келуге мүмкіндігі жоқ адамдарды бекіту БМСК ұймының қызметкерлері олардың тұратын орны бойынша жазбаша немесе ауызша өтінішімен жүзеге асырылады.

БМСК учаскеде бекітілген халық санының нормативтері артқан жағдайды қоспағанда, азаматтарды бекітуден бас тартпауы тиіс.

Мұндай жағдайларда азаматтарды тіркеу медициналық ұйымды еркін таңдау құқығымен БМСК басқа ұйымдарында жүзеге асырылады.

БМСК ұйымдарына азаматтарды бекітуді өзгертуге мынадай жағдайларда жол беріледі:

1. тіркелген орны, тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмысы, оқитын орнын құжаттамалық расталған өзгерісі кезінде, амбулаториялық-емханалық ұйымды тарату немесе жою жағдайларында шектеусіз;

2. Азамат медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес.

Бекіту өзгерген кезде талон БМСК ұйымында сақталады, ал азаматқа оның жыртылған бөлігі (шыққаны туралы талон) беріледі.

Азамат БМСК ұйымдарына бекітілуді еркін таңдаған кезде оған осы ұйымның мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігі алдын ала келісіледі және талонда көрсетіледі.

 

Бекітілген халық туралы ақпаратты БМСК ұйымы денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.