Диагностикалық зерттеуге дайындық

 

Зерттеудің атауы

Дайындық

Ультрадыбыстық зерттеу

Құрсақ қуысының УДЗ

1)  Зерттеу аш қарынға жүргізіледі (тамақ жемеу және су ішпеу керек), таңертеңгі уақыттарда түсірген жақсы. 2 жасқа дейінгі балалар үшін тамақ ішкеннен кейін 3 сағаттан кейін түсіруге болады.

Егер зерттеу күннің екінші жартысында болса: үлкен жастағы балалар үшін тамақты қабылдағаннан кейін кемі 6 сағат өтуі тиіс. Егер бала сұйықтық ішсе, бұл туралы дәрігерге айту қажет.

2)  Зерттеуге дейін 3 күн бұрын газ қалыптастыратын  өнімдерді (сүт, қара нан, шикі көкөністер мен жемістер. Бұршақты, ашытылған қырыққабат, газдалған сусындар мен шырындар, квас) қабылдамаған жөн.

3)  Газ жиналған кезде зерттеуге дейін үш күн ішінде дәрігердің ұсынысы бойынша белсендірілен көмір, мезим форте (ересектерге), эспумизан (балаларға) қабылдау қажет.

 

Бүйрек және зәр шығару жолдары УДЗ

 

Қуығы толып тұрған кеезде ғана мүмкін. Сұйықтықты дәрігердің дәлізінде тұрып емес,  зерттеуге дейін 1-2 сағат бұрын ішу қажет (мұның алдында балаға дәретханаға отыруды ұсыну).  Егер бал 1-2 жаста болса, кемі 100 г ішу керек, 3-7 жаста – бір стақан ішу керек. Одан әрі ішпей, дәретханаға бармай шыдау қажет. Егер бала емшек жастағы болса, зерттеуге дейін 40 минут бұрын оған кез келген сұйықтықты (шай, ана сүті) ішкізу қажет,  қарап-тексеру кезінде баланың қуығы толық болуына сенім бар.

Сондай-ақ қыздар мен әйелдердің кіші жамбасын УДЗ кезінде қуығы толық болуды талап етеді.

Электрофизиологиялық зерттеу 

ЭКГ (электрокардиография)

ЭКГ түсіру үшін жас шектеулері жоқ. Баланы  еш жері ауырмайтынын айтып, зерттеуге алдын ала дайындау қажет.

Баланың киімі шешуге ыңғайлы болғаны дұрыс. ЭКГ тіркеу бала көлденең жатқан кезде жүзеге асырылады. Баланың жасынан тыс өзімен бірге сүлгі немесе жаялық ала келгені жөн.

ЭЭГ (электроэнцефалограмма)

ЭЭГ  басының әр бөлігіне қойылатын электродтар көмегімен кез келген жастағы баланың миының функционалдық белсенділігін жазуды қамтиды. Зерттеу былай жүргізіледі: бала 10-20 минут ішінде креслода отырады (кішкентай балалар анасының қолында), басына сым қосымшасымен бас киім кигізеді. ЭЭГ жасаған кезде баланы зерттеуге алдын ала дайындау қажет, еш жері ауырмайтынын түсіндіру керек. Бала тыныш әрі тоқ болғаны дұрыс.

Ата-аналары өзімен бірге баланың сүйікті ойыншығын, кітабын, сүтпен емізік ала келсе жақсы. Шашы таза, құлағында сырға болмағаны жөн.

Эндоскопиялық зерттеу 

ФГДС (фиброгастродуоденоскопия)

  1. Зерттеу аш қарынға орындалады.
  2. Өзімен сүлгі ала келгені жөн.

Колоноскопия

Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын баланың рационынан жаңа жемістер, бұршақ, көкөніс, ботқалар, жаңғақ, сүт, газды сусындарды алып тастау қажет

Дәрігердің ұсынысы бойынша арнайы іш жүргізетін дәрі қабылдап немесе тазалау клизмасын пайдаланып, ішекті тазалайды. Доза мен көлемді баланың дасына қалатй қатаң дәрігер тағайындайды.

Сәулелік диагностика

МРТ

МРТ-зерттеудің басым бөлігі үшін арнайы дайындық қажет емес. Зерттеу алдында қалтасынан металл және электронды құрылғылар, телефон, плеер,  flash-карталар, монеталар және т.б. алып тастау ұсынылады.

Әшекей, сырға, присинг, сағат және белдіктерді, металл бөлігі бар кез келген киімді, ішкі киімді шешу ұсынылады. МРТ магниттік алаңына енгізілген электрондық құрылғылар мен магниттік карталар бүлінеді! Қарама-қарсылықпен МРТ-ға дайындықта зерттеу жүргізер алдында 3 сағат ішінде тағам қабылдау ұсынылмайды.

Зертханалық зерттеуге дайындық

Қанды зерттеу

 

Жалпыклиникалық, биохимиялық, серологиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу үшін жалпы қағидалар

 

 

  1.  Қан талдауларының басым бөлігі аш қарынға жсалады: тағам ішкеннен кейін кемі 8 және 12 сағат (биохимиялық талдаулар және клиника және т.б.). судан басқа кез келген сусындар нәтижесінің дұрыс шығуына кедергі келтіреді.

Зертханаға кірер алдында өздеріңмен бірге жейтін тіскебасар ала салуға болады.

  1. Зерттеуге жақын қалғанда майлы, көп тағат, тәттілерден бас тартқан жөн!
  2. Қан талдаулары көбіне таңертеңгі 8-10 аралығында алынады.
  3. Зерттеуге жақын қалғанда тәулік бойы және қан талдауын тапсырар алдында физикалық және эмоционалдық жүктемеден сақ болыңыз.

5. Тамырларға жақсы қан толу үшін қан алғанға дейін 30 минут бұрын балаға (1 жастан бастап балаға) 100-200 мл су ішкізіңіз.

  1. Талдаудан кейін баланы қалай қуанту қажеттігін ойластырыңыз. Шағын тосын сый сыйлық баланы ауруханадан алған жағымсыз әсерін тез жояды.
  2. Талдауға қанды физиотерапия, рентген зерттеулері, аспапты зерттеулерден (мысалы, фиброгастроскопия) кейін тапсыруға болмайды.

  Қан тапсыру алдында баланы психологиялық дайындау:

1. Анасына негізгі талап – толық тыныштықты сақтау. Балалар анасының көңіл-күйін бірден сезеді. Анасы қорықса, ол да мазасыздана бастайды. 6 жас және мектеп жасындағы баламен не болатынын талқылаңыз. Қанды бірінші рет тапсырып тұрса, оны қорқытпаңыз. Жай  ғана аздаған жағымсыз әсер болатынын ескерту керек.

  1. Қан алар алдында баланың іші пыспайтындай, кітап, ойыншық, фломастермен сурет дәптер ала салған жөн. Бұл оның уақытын бөліп, оның рәсім алдында қорқуының алдын алады.

3. Талдау ақытында кабинетке бірге кіру-кірмеуді алдын ала шешіңіз. Бала кішкентай болса, болғаныңыз дұрыс, кей мектеп оқушыларына ата-анасының бірге кіргені кедергі келтіреді. Жылап, наразылық көрсетуі мүмкін. Баланың психологиялық ерекшелігіне көңіл бөліңіз.

  1. Қан алу рәсім кезінде кішкентай баланы қолға ұстап отырады. Егер бала анасынан жылуды, қорғанысты сезінсе, ол өзіне бейтаныс, қорқатын жағдайды тез ұмытады.

1 күннен 12 айға дейінгі балалардан қан тапсыру кезіндегі дайындық ерекшеліктері:

  1. Емшектегі балалардан талдауға қан алғанда екінші емізуге жақын уақытты арнаңыз.
  2. Рәсімге дейін 30 минут бұрын бала 50 мл сұйықтық ішуі тиіс.
  3. Қолынан қан алар кезде баланың қолы жылы болуы тиіс. Бұл міндетті және өте маңызды, себебі бұл орындауға мед қызметкер алатын қан көлемі байланысты.
  4. Қан алар алдында балаға барынша ығайлы болатындай отырғызу қажет.

Қантқа қан алу

Зерттеу мақсатына қарай  аш қарынға (соңғы тағам ішкеннен кейін 12-16 сағат өткен соң) немесе тағам  қабылдағаннан кейін (қант жүктемесі)  жүргізіледі.  

Зәрді зерттеу

Несеп талдауы  (Нечипоренко сынамасы)

  1. Етеккір кезінде несеп жинауға болмайды.
  2. Несеп алар алдында жыныс органдарын жуу қажет.
  3. Талдауға орташа таңертеңгі несеп тапсырылады.
  4. Зертханаға кемі 50 мл көлемді таза ыдыспен жеткізіледі.

  Жалпы есеп талдауы

  1. Несеп жинар алдында пациенттің сыртқы жыныс органдары жуылады.

2. Несепті залалсыздандырылған несеп контейнеріне құяды. Барабар талдауға минимум 15-25 мл материал керек.

  1. Жалпы талдау үшін бірінші таңертеңгі несепті пайдаланады (алдыңғы отырудан 3-4 сағатқа кешірек болуы тиіс).
  2. Таңертең дәрет сындырғанда, шағын мөлшерін унитазға жіберіп, сосын несеп құятын ыдысты тосып, шамамен 50 мл несеп жинау қажет.
  3. Балаларға   мамандандырылған несеп қабылдағышқа несеп құю қолайлы (дәріханаларда сатылады). Сатылымда екі түрі бар – ер балаларға – әмбебап және ер балаларға арналған, екеуі де ер балаларға қолайлы. Қыздар әмбебап несеп қабылдағышты пайдалана алады.
  4. Жаялықтан сығылған, горшоктан алынған несепті пайдалануға болмайды. Жаялықтан материалға матаның микроталшығы түсуі мүмкін. Ал памперстен талдауға химиялық сүзгіленген несеп түседі.
  5. Талдауды зертханаға барынша жылдам апарған жөн. Оңтайлы уақыт – 1,5 сағат.

Нәжісті зерттеу

Копрограмма

  1. Нәжіс таза, бір реттік контейнерге салынады. Қақпағы болғаны жөн. Шамамен 2 шай қасық көлемде, контейнердің 1/3 бөлігінен аспауы тиіс.
  2. Нәжісті өздігінен дәретке отырғаннан кейін алады.
  3. Клизмадан кейін, медикамент (белладон, пилокарпин, майсана және вазелин майы, темір, висмут, күкір қышқылы барий) қабылдағаннан кейін, материалды жіберуге болмайды.

4. Нәжіс несеппен араласпауы тиіс.

  1. Материал алған сәттен бастап 3 сағат ішінде зертханаға берілуі тиіс. Оны ұзақ сақтауға (5-6 сағаттан астам) және мұздатуға болмайды.
  2. Зерттеуге материал алуды мүмкіндігіне қарасы антибиотик қабылдағанға дейін жүзеге асырған дұрыс (егер мүмкін болмаса, препараты алып тастағаннан кейін 12 сағаттан соң ғана).

Қарапайым

Нәжіс жаңа отырғаннан кейін болуы міндетті. Үлкен дәреттен кейін 20 минуттан кешіктірмей зертханаға жеткізу қажет, жинау техникасы жалпы талдаудағыға ұқсас.

Қарапайымды бөлу тұрақты емес, сондықтан зерттеуді 2-3 күннен соң 4-5 рет қайталау қажет.

Жалпы  (гельминт жұмыртақсына)

Зерттеуге арналған нәжіс шыны     және қақпағы, кең мойны бар 15-20 мл көлемді құрғақ ыдысқа жиналады.

Нәжісті мойны тар ыдысқа, сіріңке қорабына, қағазға және олиэтилен пакетке жинауға болмайды.

Зертханаға   бір реттік порциядан әр орыннан алынған  жаңа отырған нәжіс жеткізіледі. Несеппен, жыныс органдарынан ағатын басқа да бөліністермен, басқа да заттармен  араласпауы тиіс.

Зерттеу алдында азқазан мен ішектің секреторлық процесіне, жиырылуына әсер ететін, нәжіс түсін өзгертетін дәрі қабылдамаған жөн.

Энтеробиозға қырынды.

Қырынды арты тесіктің перианальды қабатының бетінен алынады. Зерттеу күні баланы жуындырмаған дұрыс.

Жасырын қанға.

Зерттеуге дейін 3-5 күн ішінде ет, балық, бауыр және т.б. ет өнімдерін жемеу ұсынылады. Зертханаға жеткізу жинау техникасы жалпы талдаудыкіне ұқсас.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.