Қазақстан мен Қытай арасында медициналық серіктестік дамып келеді. Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасы баспасөзінің мәліметінше Қытай оңалту орталығының дәрігерлер делегациясы келіп, отандық мамандармен тәжірибе алмаспақ. Тараптар аутизмді оңалту және жүйелі кешенді оңалту саласындағы соңғы жетістіктер мен емдеу тәсілдерімен бөліседі. Сондай-ақ жақында қазақстандық дәрігерлер Бейжіңге оқуға аттанбақ.
Гүлнар Құлышева, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры:
Қазір келген делегация Пекиннен келіп отыр. Бұл кісілер аутизммен ауыратын балаларға және басқа ерекше балаларға оңалу жолдарын көрсетуде. Біз олардан үйренеміз. Осыған дейін Қытай дәрігерлері келгенде олармен травматология жағынан жұмыс істедік.
У Ши Цай, Қытай мүгедектер федерациясының директоры, Қытай оңалту орталығының директоры:Қазіргі таңда қазақ-қытай қатынасы нығайып келеді. Қазақстанға дәрігерлер делегациясын бастап келгеніме өте қуаныштымын. Екі ел халқына барынша көмек қолын созып, мединицаны дамытуға ниеттіміз. Біздің Қытайдағы оңалту орталығымыз бүгінде биік жетістіктерге жетіп отыр. Жылдар бойы жинаған тәжірибемен бөлісу - біз үшін мәртебе.
Динара Жарқынбек
Дәрігерлер баланың кеудесін кеспей-ақ, өкпедегі өсіндіні алып тастады. Бірегей отаны бүгін Астанаға арнайы келген ресейлік хирургтер жасады. Осылайша елімізде эндобейнехирургиялық операция жасау тәсілі қарқынды дамып келеді. Қазірдің өзінде балаларға жасалатын операциялардың 60 пайызында дене тілінбейді, кеуде кесілмейді.
Мына баланың жасы небәрі үште. Өкпесіне өсінді өскен. Дәрігер әуелі қолтығының астын тесті. Бейне камерасы бар құрылғыны ішке қарай жүргізді. Эндобейнеаппарат бәрін анық көрсетіп тұр.
Осылайша мамандар денені кеспей, сүйекті зақымдамай-ақ небәрі 10 минуттың ішінде өсіндіні алып тастады. Хирургтер бүгін осыған ұқсас 4 операцияның жасау жолын көрсетеді.
Александр Разумовский, Балалар хирургы, профессор /Ресей/:
Бұрын кеуде қуысына жасалатын бұл операциялар ауыр санатқа жататын еді. Өйткені онда жүрек, өкпе, күретамырлар орналасқан. Ал қазіргі методика бойынша кеуде кесілмейді. Қолтық астынан екі жерден тестік. Инструмент пен камераның көмегі арқылы ,экранннан бақылап, өсіндіні алып тастадық.
Шетелдік мамандар Қазақстан технологиясын жоғары бағалап отыр. Яғни, мүмкіндік бар. Тек тәсілдерін меңгеру маңызды.
Халықаралық балалар күнінде сырқаттанып қалған бүлдіршіндер де ескерусіз қалмады, деп хабарлайды 24KZ. Елордалық дәрігерлер еріктілермен бірге балалар ауруханасында, ем алушыларға тәттілер мен түрлі сыйлықтар табыстады.
Қарөткелдің тұрғыны Қарлығаш Мырзабекова жаздың бірінші күнін қызымен бірге үйінде емес, ауруханада, дәлірек айтсақ, травматология бөлімінде қарсы алды. Жақында ғана сары қызын көлік қағып кетті. Ауруханаға түскен күні ота жасалынып, қазір жағдайы оңалып қалды. Ал бүгін тіпті жарақатын ұмытып, езуіне күлкі ұялады. Мереке қарсаңында аурухана қызметкерлерінен сыйлық алып төбесі көкке жетті.
Қарлығаш Мырзабаева, ем алушының анасы:
- Ертең мереке, қазір біз жабық жердеміз. Балалар да мерекені көргісі келеді ғой. Өте қызықты болды. Балам мына жерде «қимылдатпа, тиіспе» деуші еді, ана жерде клоундар келіп отыр. Аниматорлар «барасың ба?» дегенде «иә, иә, барамын» деп. Бірден бәрі шыдап, мынаған жатқызды ғой. Жақсы болды, иә, ұнады ғой? Керемет болды!
Екібастұзда үш жасар бала терезеден құлап кетті. Абырой болғанда аман қалды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жалпы жыл басталғалы жүзден астам бүлдіршін терезеге телміремін деп биіктен құлаған. Баланы неге бақылаусыз қалдырады? Терезе трагедиясы қашан тиылады? Тілшіміз жауап іздеп көрді.
Екібастұзда үш жастағы бала үйдің үшінші қабатынан құлады. Қазір қалалық аруханада ем алуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Бұл бірінші жағдай емес. Жыл басталғалы 386 адам биіктіктен құлап кеткен. Оның 101- бала.