Городская детская больница №2

Құрметті әріптестер!

2024 жылғы 26-28 қыркүйек аралығында Астана қаласында Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» базасында келесі тақырыптарды қамтитын екі халықаралық мастер-класс өтеді:

  • «Күйік пен аяздан кейінгі ерте және кеш қалпына келтіретін

Пластикалық хирургия, сонымен қатар бастың, беттің және мойынның тыртық деформациялары мен контрактураларын жою»;

  • «Балалардың кеуде қуысының хирургиясы: Pectus Excavatum, Pectus Carinatum, торакоскопиялық өкпе резекциясы».

Мастер-класстардың мақсаты - Қазақстанның операция жасайтын балалар хирургтарының, комбустиологтарының, ортопедтері мен травматологтарының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық медициналық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу, балалар хирургиясындағы жаңа технологияларды бейімдеу.

Шетелдік мамандармен өтетін мастер-класс бағдарламасы:

«Күйік пен аяздан кейінгі ерте және кеш қалпына келтіретін Пластикалық хирургия, сонымен қатар бастың, беттің және мойынның тыртық деформациялары мен контрактураларын жою» және  «Балалардың кеуде қуысының хирургиясы: Pectus Excavatum, Pectus Carinatum, торакоскопиялық өкпе резекциясы»

Күні 

Уақыты

Іс-шара

26.09.2024

12:00-13:00

Мастер-классқа қатысушыларды тіркеу

13:00-13:15

Мастер-класстың ашылуы, №2 КҚБА директоры Г.Е. Кулушеваның сәлемдесу сөзі,
Стамбулдағы Kartal Dr. Lütfi Kırdar City Hospital  қалалық ауруханасының бас дәрігері, профессор Реджеп Демирханның құттықтау сөзі

13:15 - 14:15

Стамбулдағы Kartal Dr. Lütfi Kırdar City Hospital  қалалық ауруханасының бас дәрігері, профессор Реджеп Демирханның презентациясы

профессор Гай Филинтемен күйік бойынша операция жасау үшін пациенттерді таңдау, кеңес беру

 

14:15 - 15:15

Профессор Гайе Филинтенің презентациясы

 

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен кеуде хирургиясы бойынша

операция жасау үшін пациенттерді таңдау, кеңес беру

15:15-16:15

Доцент Эсра Ямансавчидің кеуде қуысының деформациясы және балаларды емдеу тәсілдері туралы презентациясы

16:15 - 16:45

Кофе-брейк

15:15-18:00

Профессор Гайе Филинтемен операция жасау

27.09.2024

08:30 - 10:30

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен операцилар жасау

Профессор
Гайе Филинтемен операцилар жасау

10:30 - 11:00

Үзіліс

11:00 - 13:00

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен операциялар жасау

Профессор Гайе Филинтемен операциялар жасау

13:00 - 14:00

Үзіліс

14:00 - 16:00

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен операциялар жасау

Профессор Гайе Филинтемен операциялар жасау

16:00 - 16:30

Үзіліс

16:30 - 18:00

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен операциялар жасау

Профессор Гайе Филинтемен операциялар жасау

28.09.2024

08:30 - 11:30

Профессор Реджеп Демирхан және Доцент Эсра Ямансавчимен операциялар жасау

11:30 - 12:30

Мастер-классты қорытындылау.

Сертификаттарды табыстау.

Халықаралық мастер-класс сарапшылары:

  • Профессор, торакальный хирург, Kartal Dr.Lütfi Kirdar City Hospital

клиникасының бас дәрігері - Recep Demirhan (Реджеп Демирхан);

  • Доцент, кеуде хирургы – EsraYamansavci (Эсра Ямансавчи);
  • Профессор, күйік және тыртық деформациясы бойынша пластикалық және

реконструктивті хирургия докторы - Gaye Filinte (Гайе Филинте).

Халықаралық мастер-класс ұйымдастырушылары:

  • «AlmaEco» ЖШС
  • Астана қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы».

Мастер-класстар Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64 мекен-жайындағы «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» базасында өтеді.

Қатысу үшін, келесі сайтқа тіркелу қажет: http://www.2kqba.kz

Мастер-класс қатысушыларына сертификаттар беріледі!

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

 

 

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.