ЖАҢЫЛЫҚТАР

Бүгін №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының базасында "Жақ сүйегінің айқын шығуы кезіндегі екіжақты хейлопластиканың ерекшеліктері" тақырыбында мастер-класс өткізілді. Аталған мастер-класстың кураторы медицина ғылымдарының докторы, "Қазақстан-Ресей медициналық университеті" жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Нұрмағанов болды. Шеберлік сыныбына Қазақстанның бірнеше өңірінен келген жақ-бет хирургтары қатысты.

Бүгін №2 КҚБА Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шарада №2 МГДБ директоры Г.Е. Кулушева бұл мерекелер жауынгерлердің батылдығы символы екенін атап өтті.

9 мамыр - Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңген үлкен жеңісті тойлайтын күні. Бұл күн бүкіл әлемдегі бейбітшілік үлкен құрбандыққа тұрарлық екенін еске салады.

Іс-шарада біздің дарынды дәрігерлер сөз сөйледі, олардың қойылымдары барлық қатысушылар үшін нағыз сыйлық болды.

Бүгін №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханада «Көз ұясы жарақатын алған балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмек» тақырыбы бойынша оталар мен шеберлік сабағы өтіп жатыр. Оталарды дәрігерлердің көпсалалы тобы – офтальмологтар, жақ-бет хирургтары жасайды. Шеберлік сабағына медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Балташұлы Нұрмағанов шақырылды, ол инновациялық технологияларды – үш өлшемді (3D) модельдерді пайдалана отырып, көз ұясының төменгі қабырғасының жарақаттан кейінгі ақаулары пластикасы бойынша оталар жасайды. 3D моделі реконструктивті оталарды жоспарлаудың дәстүрлі әдістеріне теңдессіз қосымша. Бұл жақ-бет хирургтарына отаға дейінгі пішін мен функцияны тиімді қайталауға немесе жақсартуға мүмкіндік беретін технологиялық жетістік. Сондай-ақ, осы әдіс хирургқа ота кезінде және отадан кейінгі асқынуларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы мақалалар...

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.