Қазіргі уақытта құмар ойындар (лудомания) қоғамның өзекті мәселесіне айналуда. Жасөспірімдер арасында хабардарлықты арттыру мақсатында, “Санасезім” психологиялық көмек орталығының қызметкерлері, стационарларда дәрістер өткізді.
Аурханамыздың психологы және әкімшілік атынан Зейнуллинова Динара Еркеновнаға, Литвак Дмитрий Вячеславовичқа және Сарсенгалиева Дарья Олеговнаға алғыс айтамыз.
2024 жылғы 17 шілдеде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Қытайдың оңалту зерттеу орталығының мамандары ұйымдастырған маңызды конференция өтті.
Іс-шараның тақырыбы «Халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге және мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын бірлесіп жақсартуға» арналды.
Конференцияға Қытайдың оңалту зерттеу орталығының жетекші сарапшылары мен оңалту саласындағы көшбасшылары қатысты, олардың ішінде мынадай көрнекті мамандар болды:
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда. Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез және жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал етеді.