2024 жылғы 24-26 маусым аралығында біздің №2 қалалық балалар ауруханасы аккредиттеуден сәтті өтіп, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 3 жылға аккредиттеудің ЖОҒАРЫ санатын алғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Бұл маңызды қадам біздің кішкентай пациенттерімізге медициналық көмектің жоғары стандарттары мен сапасына деген ұмтылысымызды растайды.
Біздің барлық қызметкерлерімізге атқарып жатқан өлшеусіз еңбектері үшін алғыс айтамыз!
№ 2 көпсалалы балалар ауруханасында нашақорлықпен және басқа да тәуелділіктермен күрес апталығы өтті. Бөлімшелерде нашақорлық мәселесі туралы балалардың алдын алу және хабардар ету бойынша іс-шаралар өткізілді.
Балалар «Мен есірткіге қарсымын» тақырыбында суреттер салды.
Халықтың психоактивті заттардың денсаулыққа зиянды әсері туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін жасөспірімдер мен жастар үшін жағдай жасау, сондай-ақ психоактивті заттарды пайдаланудан бас тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Sanasezim» психологиялық көмек орталығының қызметкерлері аурухананың төрт бөлімшесінде жасөспірімдер мен олардың ата-аналары алдында ағартушылық дәрістер өткізді.
№2 көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі Sanasezim орталығының кеңесшілері Д.О.Сәрсенғалиева мен Ы.М. Смағұловаға, өткізілген дәрістер үшін алғысын білдіреді
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 05 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу жоспарлануда
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, тілек білдірушілер осы талқылауға 2024 жылғы 05 шілдеде сағат 16:00-де Астана қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша қатыса алады.