БАҚ біз жайлы

Халықаралық балалар күнінде сырқаттанып қалған бүлдіршіндер де ескерусіз қалмады, деп хабарлайды 24KZ. Елордалық дәрігерлер еріктілермен бірге балалар ауруханасында, ем алушыларға тәттілер мен түрлі сыйлықтар табыстады.

Қарөткелдің тұрғыны Қарлығаш Мырзабекова жаздың бірінші күнін қызымен бірге үйінде емес, ауруханада, дәлірек айтсақ, травматология бөлімінде қарсы алды. Жақында ғана сары қызын көлік қағып кетті. Ауруханаға түскен күні ота жасалынып, қазір жағдайы оңалып қалды. Ал бүгін тіпті жарақатын ұмытып, езуіне күлкі ұялады. Мереке қарсаңында аурухана қызметкерлерінен сыйлық алып төбесі көкке жетті.

Қарлығаш Мырзабаева, ем алушының анасы:

- Ертең мереке, қазір біз жабық жердеміз. Балалар да мерекені көргісі келеді ғой. Өте қызықты болды. Балам мына жерде «қимылдатпа, тиіспе» деуші еді, ана жерде клоундар келіп отыр. Аниматорлар «барасың ба?» дегенде «иә, иә, барамын» деп. Бірден бәрі шыдап, мынаған жатқызды ғой. Жақсы болды, иә, ұнады ғой? Керемет болды!

 

Иә, әдетте көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімінде балалардың күлкісі сирек естіледі. Мамандар осылай дейді. Қазір бұл жерде түрлі жарақатпен төсек тартып қалған 50-ге жуық бала бар. Арасында ауыр жағдайда түскендері де кездеседі. Десе де бүгін төрт қабырғаға телміріп жатқан бүлдіршіндер ауруын бір сәтке ұмытып серігіп қалды. Бұл олардың тез сауығып кетуіне сеп, – дейді дәрігер.

Болатхан Лепесбаев, травматолог-дәрігер:

- Барлығы – ауыр жарақаттарды алып, біздің бөлімшеге түсіп жатқан балалар. Мұнда жатқан балалар аяқтары ауырып, қолдары ауырып, әрине, оларға көңілдерін көтеру керек, ойларын басқа жаққа аудару керек. Ауырлық сезімін басу үшін сондай нелер кішкене қолданған өте дұрыс деп ойлаймын. Аниматорлар келіп, балалардың көңілдерін көтерген жақсы нәрсе енді.

Бұл жерге күніне түрлі жарақатпен шамамен 12 бала келіп түседі. Ал жазғы демалыста балалар уақыттың көп бөлігін далада өткізгендіктен, бұл сан арта түседі. Иә, ойын баласының ойы далада. Десе де мамандар: «осы маусымда балаларды мұқият бақылау керек», – дейді.

Авторлары: Әлішер Әли, Артур Горшняков.



Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/item/655012-aurukhanada-zhat-an-b-ldirshinder-syjly-aldy

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.