БАҚ біз жайлы

Дәрігерлер баланың кеудесін кеспей-ақ, өкпедегі өсіндіні алып тастады. Бірегей отаны бүгін Астанаға арнайы келген ресейлік хирургтер жасады. Осылайша елімізде эндобейнехирургиялық операция жасау тәсілі қарқынды дамып келеді. Қазірдің өзінде балаларға жасалатын операциялардың 60 пайызында дене тілінбейді, кеуде кесілмейді.

Мына баланың жасы небәрі үште. Өкпесіне өсінді өскен. Дәрігер әуелі қолтығының астын тесті. Бейне камерасы бар құрылғыны ішке қарай жүргізді. Эндобейнеаппарат бәрін анық көрсетіп тұр.

Осылайша мамандар денені кеспей, сүйекті зақымдамай-ақ небәрі 10 минуттың ішінде өсіндіні алып тастады. Хирургтер бүгін осыған ұқсас 4 операцияның жасау жолын көрсетеді.

Александр Разумовский, Балалар хирургы, профессор /Ресей/:

Бұрын кеуде қуысына жасалатын бұл операциялар ауыр санатқа жататын еді. Өйткені онда жүрек, өкпе, күретамырлар орналасқан. Ал қазіргі методика бойынша кеуде кесілмейді. Қолтық астынан екі жерден тестік. Инструмент пен камераның көмегі арқылы ,экранннан бақылап, өсіндіні алып тастадық.

Шетелдік мамандар Қазақстан технологиясын жоғары бағалап отыр. Яғни, мүмкіндік бар. Тек тәсілдерін меңгеру маңызды.

 

Владимир Котлобовский, Қазақстан эндоскопиялық хирургия қауымдастығының президенті:

Бұрын науқастарға ашық операция жасалғанда олар мұнда 2-3 апта жататын. Кейін өз-өзіне келуге қаншама уақыт кетеді. Ал бұл операциядан соң науқас небәрі 1-2 күннен соң үйіне шығарылады. Қазір еліміздегі балаларға жасалатын операциялардың шамамен 60 пайызы осындай эндохирургиялық жолмен жасалып жатыр.

Қазақстанда мұндай операция алғаш рет 1991 жылы соқырішекке жасалды. Содан бері заманауи тәсілдерді үйреніп, тәжірибе алмасу жолдары бір сәтке де тоқтаған емес. Соның нәтижесінде кеудені кесетін ашық операция келмеске кететін тәрізді. Өйткені өкпе, жүрек, кеуде қуысына қатысты операциялардың басым бөлігі енді тек эндохирургиялық жолмен жасалады.

Раушан Сайлауқызы

 

https://qazaqstan.tv/index.php/news/194916/ 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.