БАҚ біз жайлы

Қалалық №2 балалар ауруханасы жанынан есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы мектеп ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мектепті ашудағы негізгі мақсат – есту қабілетінен айырылған балалар мен олардың ата-аналар үшін профилактикалық шаралардың жиі ұйымдастыру,есту аппараттарын қолданатын балалармен тікелей жұмыс істеу және отоларинголог, сурдолог, психолог, невропатолог, генетик мамандарының кеңесін тыңдау. Қазақстанда еш жерде есту қабілеті жоқ. Біздің осы мектепті ашу арқылы дәрігерлер мен балалар және олардың ата-аналары арасында көпір ортану. Себебі тығыз байланыстың болмауынан түсініспеушілік пен проблема туындайды»,- дейді Әсел Құдайбергенова №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері.

Жалпы есту қызметінің бұзылуының бірнеше себептері бар, олар тұқымқуалаушылық, екіншіден анасының жүкті кезінде инфекциялық ауруларға шалдығуы,  сондай-ақ, аутотоксикалық дәрілерді қабылдауы және баланың шала туылуы. Сол сияқты баланың кішкентай кезінде инфекциялық, қызылша және менингит ауруына ұшырауы да әсер етеді.

«Біздің ауруханада алдын ала жазылып тіркелу арқылы дәрігердің толық тексерісінен өтуге болады. Аурухана толық заманауи технологиямен жарақтандырылған. Және бәрі тегін.  Мамандардың біліктілігін арттыруғада үлкен мән бірелуде, жыл сайын біздің дәрігерлер көрші Ресей және басқа да елдерден оқу-семинарлардан өтеді», - деді ол.  

Есту қабілетінен айырылғандар 5 санатқа бөлінеді 1,2,3,4 және соңғысы керең болып қалу.

«Бүгінгі күні Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 200 мыңға жуық адам бар, оның 700 –нің есту қабілеті туа бітті бұзылған. Және жыл санап есту қабілетінен айырылушылардың көрсеткіші 5 % артып отыр», - деді ол.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.