БАҚ біз жайлы

Бұл - Қазақстандағы жас буын өкілдерінің пікірі. Ел Президенті Жастар жылының ашылуында жас маманды қолдап, оның ел үшін еңбек етуіне жан-жақты қолдау болатынын мәлімдеді. Елбасының бұл сөзі жастардың бойындағы жауапкершілікті арттырды.

Біреудің жанына араша түсу. Бұл - ақ халат киген дәрігердің қай-қайсысына да ортақ қасиет. Айдын Әшімханов аз уақытта мыңдаған күрделі хирургиялық ота жасап, өз ортасын мойындатқан маман. Оның ойынша, Жастар жылы еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға қосымша мүмкіндік бермек.

Айдын Әшімханов, №2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жас мамандардың жұмысқа орналасуына еш кедергі жоқ. Жастарға жол ашық. Әрқашан біліктілігін арттыру үшін шет елге жіберіледі.

 

Президент Жастар жылының ашылуында өз ісінің майталмандарын насихаттап, елге үлгі етуді тапсырды. Жас болса да, бас болып жүрген бүгінгі буын өкілдерінің бірі Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол адам миына жасалатын операцияның жаңа түрі эндоваскулярлық әдісті Қазақстанда алғаш болып қолданған. Қарапайым тілде, адам миына жасалатын ота ми қабыршығын аршымай-ақ, қан тамырлары арқылы жасалады деген сөз.

Қазақстандықтардың үштен бірі - жастар. Басым бөлігі ауылда тұрады. Оларды жұмыспен қамту, жас отбасыларға жеңілдетілген несиемен баспана беру, кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашу секілді бірқатар өзекті мәселені билік бүгіннен бастап қолға алды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

қайнар көз: https://kaztrk.kz

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.