НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық балалар ауруханасының жанынан «Ана мен бала» аллеясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қасиетті рамазан айында өткен шара мүфтият мамандарының батасымен басталып, балалар ауруханасының ауласына 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Бұл бастаманы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған. «Бұл акция берік отбасы символы іспеттес. Тамырын тереңге жайған ағаш, шаңырағы биік отбасы сияқты емес пе. Сондықтан, біз бүгін болашаққа арналған ізгі іс жасадық деп есептеймін», - деді аллеяның ашылуында Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/astanada-ana-men-bala-alleyasy-ashyldy_a3526636