Қалалық №2 балалар ауруханасында балаларды тұрмыстық химиялық заттардан қорғау тақырыбына арналған брифинг-конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлер ауыз қуысының, өңеш, асқазанның күюіне соқтыруы мүмкін тұрмыстық химия құралдарының қауіптілігі туралы айтты. Мұндай оқиғалар ата-ананың балалар үшін қолжетімді жерде түрлі түсті әтір, басқа да құралдардың құтыларын қалдырып кетуінен орын алып жатады.
«Біздің айтып отырғанымыз: осындай күйікпен ауруханаға түсетін балаларды емдейтін дәрігерлердің жан айқайы. Балалар өте ауыр хәлде түседі, көбі жаңсақтау бөлімінде жатып шығады. Одан кейін ол баланың денсаулығының нығаюы үшін күресу керек. Оған көптеген жылдар кетеді. Ал бала толық сауығып кете ме? Оны айту қиын. Ол химияның организмге қалай әсер еткеніне байланысты. Мысалы, химиялық күй шалған 100 баланың 50 мүгедек болып қалады. Кей кезде оның зардабы қанша жыл емделсе де, қайтпайды, тіпті болмаған соң, өңешті ауыстыру керек болады. Одан кейінде жақсы болып кетеді деп айта алмаймыз», – дейді «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның балалар хирургиясы кафедрасының медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Сүлейманова.
Қалалық №2 балалар ауруханасы жанынан есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы мектеп ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
«Мектепті ашудағы негізгі мақсат – есту қабілетінен айырылған балалар мен олардың ата-аналар үшін профилактикалық шаралардың жиі ұйымдастыру,есту аппараттарын қолданатын балалармен тікелей жұмыс істеу және отоларинголог, сурдолог, психолог, невропатолог, генетик мамандарының кеңесін тыңдау. Қазақстанда еш жерде есту қабілеті жоқ. Біздің осы мектепті ашу арқылы дәрігерлер мен балалар және олардың ата-аналары арасында көпір ортану. Себебі тығыз байланыстың болмауынан түсініспеушілік пен проблема туындайды»,- дейді Әсел Құдайбергенова №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері.
Жалпы есту қызметінің бұзылуының бірнеше себептері бар, олар тұқымқуалаушылық, екіншіден анасының жүкті кезінде инфекциялық ауруларға шалдығуы, сондай-ақ, аутотоксикалық дәрілерді қабылдауы және баланың шала туылуы. Сол сияқты баланың кішкентай кезінде инфекциялық, қызылша және менингит ауруына ұшырауы да әсер етеді.
Оның мыңы - бала. Қазақстанда дерттің, әсіресе, Гоше, мукополисахаридоз және муковисцидоз деген түрлері кең тараған. Бұл ауру түрін медицинада орфандық аурулар деп атайды. Қазір ол науқастарды препараттармен қамтамасыз етуде мәселе жоқ. Проблема аталмыш дерттердің ерте анықталмауында болып тұр.
Бүгінгі Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне орай мамандар орфандық ауруларды диагностикалаудың көкейкесті мәселелерін талқылады.
Сирек кездесетін целиакия дертіне шалдыққан Ержанға құрамында глютені бар тағамды жеуіне болмайды. Ал, глютен - ұнда болатын басты ақуыз. Сол себепті анасы Марфуға шетелден шығатын ақуызсыз азықты алуға мәжбүр.
Марфуға Елжасова, қала тұрғыны: