Ата-аналарға ескертпелер

Темекі өнімдері –  дайындау үшін темекі жапырағы шикізат   ретінде пайдаланылатын, шегуге, соруға, шайнауға немесе иәскеуге арналған  өнім.  Барлық мұндай өнімдердің құрамына никотин – қатты әдеттенуді тудыратын психотроптық компонент.

Темекгі шегу обыр, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруын қоса алғанда бірқатар созылмалы аурулардың даму қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұған қарамастан, темекі шегі күллі әлемде кеңінен таралған.

Бірқатар елдерде темекі жарнамасын шектейтін, темекі сатып алатын, қолданатын адамдар тобын анықтайтын және темекіге арналған аймақты реттейтін заңдар қабыланды. ДДСҰ статистикасы қазіргі темекі шегетін адамдардың 90 пайызы оны кәмелеттік жасқа тлмаған кезден бастаған. Олардың темекі шегуіне себеп барынша жеткілікті. Біреуі имиджіне оң әсер етеді десе, енді бірі үлкен болып көрінгісі келеді, енді бірі салмақ тастағысы келсе, бірі тәуелсіз болып көрінгісі келгеннен шеккенін айтады.

 

Ата-аналары балаларын темекі шегудің қауіпті екенін түсінуге үйретуі қажет, себебі ол бірқатар аурулардың туындауына алп келеді, атап айтқанда – адам ағзасында жүрек, өкпе ауруынан бастап қатерлі ісікке дейін жетуі мүмкін.

Темекі шегіп бастағанда, жөтел, тамағы жыбырлауы мүмкін, уақыт өте келе әдеттену процесінде бронхит және өкпе эмфиземіне алып келуі мүмкін.

Темекі және темекі бар өнімдерден тек шылымқорлар ғана емес, жанындағы  - отбасы мүшелері, достары, әріптестері де зардап шегуі мүмкін.

Пассивті темекі шегу қоршаған ортаға теріс ықпал етеді, өйткені қосалқы темекі түтіні – бұл шылым, кальян сияқты темекі өнімдерін тұтататын мейрамханаларда, кеңсе немесе басқа да жабық үйжайларды толтыратын түтін.

Темекі түтінінде 4000 мыңнан астам химиялық зат бар, оның кем дегенде 250-і зиянды ретінде белгілі, ал 50-ден астамы канцерогендер. Қосалқы темекі түтінінің қауіпсіз деңгейдегі әсері болмайды.

Ересек адамдардың ішінде қосалқы темекі түтіні жүректің ишемиялық ауруы және өкпе ісігін қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары және респираторлық ауруларды тудырады. Емшек жасындағы балалар арасында ол кенеттен қайтыс болуына алып келуі мүмкін. Жүкті әйелдерде баланы аз салмақпен тууына алып келеді.

Балалардың тек жартысына жуығы қоғадмық орындарда темекі түтінімен ластанған ауаны жұтады.

Қосалқы темекі түтіні жылына болатын мерзімінен бұрын өлімнің 1 миллионға жуық жағдайына себеп болуда. 2004 жылы қосалқы темекі түтініне байланысты барлық өлім жағдайының 28 пайызы балалардың үлесіне келді.

  Балаларға темекі шегу не үшін зиянды екенін қалай түсіндіру қажеттігі туралы ата-аналарға кеңестер:

  1. Балалармен жазалау немесе талқылау қаупінен қорықпайтындай әңгімелесу;
  2. Темекінің зиянды екенін балаларға жиі айтқан жөн, сол кезде кішткентай бала темекі оның денсаулығына кері әсер ететінін түсініп өседі;
  3. Балаларды дене шынықтыудың белсенді түрлерімен шұғылдануға талпындыру және олардың пікірі маңызды екенін көрсету;
  4. Қатарластары тарапынан темекі ұсыну қысымына ден қобдың барлық тәсілдерін талқылау қажет, бала «жоқ» деп айтқанда, өзіне сенімді болғаны дұрыс. Сондай-ақ баламалы жауаптарды да айтуға болады: «Киімімнен жаман иіс шығады» және т.б. өз-өзіне деген сенім – балалрадың қатарластары тарапынан болатын қысымнан қорғайтын басты жол;
  5. Темекі шегуді бастаған балалардың күнделікті өмірін бұл қаншалықты басқаратынын түсіндіру. Олар темекіні қалай сатып алады, оған ақшаны қайдан алады? Бұл оның достарымен өзара қарым-қатынасына қалай әсер етеді?
  6. Үйде темекі бар өнімдерді алып тастайтын қатаң қағида орнату, темекі шегетін адамр неге өздерін нашар сезінеді, шаршаңқы көрінеді, жағымсыз иіс шығатынын, жалпы денсаулыққа кері әсер ететінін түсіндіру.
  7. Салауатты өмір салтының қағидаттарын ұстанып, балаларға үлгі бола білу. Егер ата-анасы темекі шексе, әңгімелесу балаға еш әсер етпейді, балалар ата-аналары не айтады, нені орындайтынын жақсы айыра алады.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.