ӨСОА алдын алу туралы «Бала денсаулығы – біздің қолымызда!»
Балаларда төменгі тыныс жолдарының жиі ауруы ересек жаста ӨСОА-ға алып келуі мүмкін. Бұл кеңірдектің өтімділігі бұзылатын ауыр обструктивтік синдроммен (тұншығу) терапияға нашар бейімделетін ауру.
Ол іседі, шырышқа толады, салдарынан тыныс алуға кедергі келтіретін тарылу пайда болады. Ұйқы бұзылады, тәбеті болмайды, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу сияқты белгілер болады.
ӨМОА тудыратын басты фактор темекі шегі не «пассивті темекі шегу». Бұл әсіресе балалардың денсаулығына әсер етеді, өйткені олардың тыныс алу жиілігі жоғары, ағзасы даму үстінде. Таза ауада бірге жүрсеңіз де, баланың көзінеше темекі шегуге болмайды.
Балалардың төменгі тыныс жолдарындағы жиі инфекция тәуекел факторы болып табылады. Пневмококк, тұмау, гемофильдік инфекциядан вакцинацияны міндетті өткізу қажет. Бұл бактерия асқынуға алып келетін ауруды тудырады.
Баланың дамуы мен денсаулығына қамқорлық отбасыда салауатты өмір салтын ұйымдастырумен басталады. Салауатты өмір салты – отбасыдағы қолайлы эмоционалдық климат. Ата-аналдарының бір-біріне және балаға деген мейірімді, достық, тату қарым-қатынас.
Бұл дұрыс ұйымдастырылған ұтымды тамақтану, таза ауда жүру, дене жаттығуын жасау, жеткілікті еңбек белсенділігі, алкогольге, темекіге теріс көрқарас, жиі желдету, тұрғын үй гигиенасы.
Ата-аналары балаларымен саябаққа, орманға, сырғанаққа, шаңғы тебуге бірге барып демалғаны дұрыс. Дұрыс тамақтану баланың физикалық және жүйке-психологиялық дамуына қолайлы әсер етеді. Ағзаның ауруға қарсы тұруын арттыралды. Бұл туралы ата-аналары білуі тиіс.
Балада обструктивті синдроммен пульмонологиялық ауру болған кезде: