Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Р.Қошқарбаев даңғ, 64, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарын сатып алуды жүргізу туралы жариялайды.
Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарын сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаты, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сомасы) осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.
Жеткізу мерзімі және шарттары – осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.
Нақты жеткізілген тауар үшін ақы төлеу беру-қабылдау актісіне Тапсырыс беруші қол қойған және Өнім беру есеп-фактурасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тапсырыс берушімен жүргізіледі.
Әлеуетті Өнім берушілердің жапсырылған конверттерге салынған баға ұсыныстары Нұр-Сұлтан қ., Р.Қошқарбаев даңғ., 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша, 22.05.2020 жылы сағат 12:00 минуттан бастап 29.05.2020 жылы сағат 12:30 минутқа дейін (жұмыс тәртібі сағат 08:30 минуттан бастап 17:30 минутқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13:00 минуттан бастап 14:00 минутқа дейін) ұсынылады.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары көрсетілген конверттерді ашу 29.05.2020 жылы сағат 14:30 минутта Нұр-Сұлтан қ., Р.Қошқарбаев даңғ., 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша ашылады.
Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған баға ұсынысы хабарландырумен, сатып алу туралы шарт жобасымен, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігімен көзделген сұрату шарттарына сәйкес, оның тауарды жеткізуді жүзеге асыруға берген келісімінің нысаны болып табылады.
Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін 1 (бір) баға ұсынысын конвертпен жапсырылған күйде ұсынады, ол мынадай құжаттарды қамтиды:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі-хабарлама) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (хабарламаға №1 Қосымша, баға ұсынысының нысаны (хабарламаға №2 Қосымша) тізімі қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Баға ұсыныстары көрсетілген жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті өнім беруші:
Белгіленген ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсыныстары көрсетілген конверт әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жарияланады (www.gdb2astana.kz).
Сатып алуды ұйымдастыруға уәкілетті өкіл: Г.К.Салыкова, мемлекеттік сатып алу бөлім бастығы, тел: 8 (7172) 49-10-12.