ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

Жыл сайын 15 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікпен ауыратын балалар күні (International Childhood Cancer Day) атап өтіледі. 2001 жылдан бастап Бүкіләлемдік қатерлі ісікпен ауыратын балалар ата-аналарының конфедерациясының бастамасымен әлемнің оннан астам елінде аталып өтуде.

Негізгі мақсаты - педиатр-дәрігерлердің, кәсіби медициналық қоғамдастықтың, әлеуметтік жауапты азаматтардың балалар онкологиясының табыстары мен проблемалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Балалардың қатерлі ісігімен күресудің символы - алтын таспа. Ол балалардың қаншалықты қымбат екенін бейнелейді. Біреулері қатерлі ісікпен батыл күресіп жатса, ал басқалары ауруды жеңді. "Обыр шындығы" арасында тайсалмай өмір сүріп жатқан немесе баладан айырылу қайғысын тартқан отбасылар туралы, ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға өмірін арнаған мамандар мен еріктілердің еңбегін ұмытпаған жөн.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын алғаш рет 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Мұндай диагноз 2021 жылы алғаш рет 591 кәмелетке толмаған балаға қойылған.

Бұл ретте, бас медициналық ведомствода атап өткендей, 2021 жылы сырқаттанушылықтың біршама өсуіне қарамастан, осы көрсеткіш әлемдік деректерден төмен (100 мың балаға шаққанда жағдай). Онкологиялық аурулары бар балаларды емдеудің тиімділігі орта есеппен 70% - ға жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.