СӨС дәрігері С. А. Абдырова травматология аға медбикесімен бірлесе отырып, бөлімшенің балаларымен әңгіме жүргізді. Мәліметтерге сәйкес, өрттер мен ауруларға қарағанда ЖКО-да айтарлықтай көп адам қайтыс болады. Сондықтан кішкентай кезінен бастап балаға жол ережелерін түсіндіру маңызды.
Автомобиль екі бағытта жүретін жолдан өтердегі басты ереже мынау: жолға шығар алдында солға қарап, қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, ал жол ортасына жеткенде оң жаққа қарау қажет. Көшені қай жерден кесіп өтсеңіз де, осы ережені естен шығармаңыз.