Жыл сайын «Mereke» қайырымдылық қоры «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізеді.
Бұл жоба аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды, жетім балаларды және оқу жылының басында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды материалдық қолдауға бағытталған.
Биылғы жылы кәсіподақ құрамындағы қызметкерлердің 80-нен астам баласы және «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-де емделуші 35 бала акцияға қатысу бақытына ие болды. Бірінші сыныпқа барушылар мен оқушыларға көмек ретінде мектеп жиынтығы берілді.
Сонымен қатар, осындай керемет күні елордалық қуыршақ театрының әртістері келіп, балаларға жарқын эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады!
Сондай-ақ, жас оқушыларды аурухана директоры Г.Е. Кулушева құттықтап, сөз сөйледі. Гүлнар Ережеқызы осы мектеп мерекесі жаңа қызықты жаңалық болатын балаларға ерекше сөз арнады.
Оқу жылы жаңа шыңдарды бағындырудың бастапқы нүктесі болсын! Ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуанып, олардың жеңістерімен мақтанатын болсын!