23 тамызда «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да «Қан тапсыр – өмірді сақта!» қайырымдылық акциясы өтті. Ол «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – донорлық қан өмірлік маңызды болып табылатын адамдарға көмек көрсету және қан донорларының қатарына мүмкіндігінше көп азаматтарды тарту.
Жақсы бастамаға аурухана қызметкерлері қосылды, қан тапсыра және басқа жастарды донор болуға шақыра отырып үлкен үлес қосты.
Қан тапсырар алдында донорлар бастапқы кезеңде сауалнамалар толтырды, мамандардан тегін медициналық тексеруден өтті, содан кейін қан тапсыру процедурасына барды. Қан тапсыру ауыртпалықсыз және қауіпсіз өтті.
Донация кезінде тек стерильді, бір реттік құралдар мен жинақтаушы материалдар қолданылды, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, донорларды қабылдады.
Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін 20 қызметкер қабылданды, олардың әрқайсысы 400-450 миллилитр қан тапсырды.
Донор болу – үлкен жауапкершілік. Донорлар, супер қаһармандар сияқты, жыл сайын миллиондаған адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.