Денсаулық — баға жетпес байлық!
17 жасар пациент «Өт тас ауруы» диагнозымен көмекке жүгінді.
Мәселені шешу үшін заманауи және қауіпсіз — лапароскопиялық холецистоэктомия ота жүргізілді. Бұл күрделі, бірақ өте тиімді операцияны жоғары білікті балалар хирургі Кудерина Аида Амантаевна орындады.
Минималды жарақат және қысқа мерзімді қалпына келу кезеңі пациентке тез арада толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік берді.
Бүгін біздің пациентіміз өзін керемет сезінеді, ал алда тек денсаулығы мықты болашақ тұр!
Өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз — уақытында диагностика жасау денсаулықты сақтауға көмектеседі!