ЖАҢЫЛЫҚТАР

Бүгін біздің ауруханаға Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі консулы мырза Чжи Хэсун келді.

Сапар аясында мырза Чжи Хэсун ауруханамыздың маңызды бөлімдерін аралады:

- Ортопедия, травматология бөлімдері

- Травматологиялық пункт

- Қабылдау бөлімі

- КТ және МРТ кабинеттері

Біз ауруханамыздың жұмысын мақтанышпен таныстырып, заманауи жабдықтарымызды және емдеу процесін ұйымдастыруды көрсеттік.

Барлық қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Бұл сапар ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды.

Мырза Чжи Хэсунға қызығушылығы мен еңбегімізге берген жоғары бағасы үшін алғысымызды білдіреміз!

Біз әрдайым ынтымақтастыққа ашықпыз және жетістіктерімізбен бөлісуге дайынбыз!

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.