Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіндегі мастер-класс аясында рехейлопластика
Біздің жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде Серік Балташыұлы Нұрмағановтың жетекшілігімен мастер-класс аясында рехейлопластика операциясы сәтті өткізілді. Ол күрделі патологиялармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар жоғары деңгейлі маман.
Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Гусейнов Юсуп Ахметұлына және «Астана медицина университеті» КеАҚ стоматология және жақ-бет хирургиясы кафедрасына жоғары кәсібилігі мен хирургияның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.
Рехейлопластика – бұл жоғарғы еріннің жарығын (қоян ерін) жоюға арналған операция. Ол тек эстетикалық көріністі жақсартып қана қоймай, сонымен қатар баланың дұрыс дамуына көмектесіп, сөйлеу, тыныс алу және тамақтану мәселелерінің алдын алуға ықпал етеді.
Мұндай мастер-класстар – балаларға көмек көрсетудің тиімді жолы ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерге озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік!