Сақтық – алаяқтардан қорғанудың ең жақсы жолы!
Полиция департаменті интернет-алаяқтық пен дроперлікке қарсы профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл қылмыстар үлкен қауіп төндіреді, бірақ ақпараттандырылған және сақ болған жағдайда олардан сақтануға болады.
Бүгін полиция департаментінің кестесіне сәйкес жастар арасында кибералаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру-ақпараттық іс-шарасы өтті.
Ақпаратпен Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Тасболат Бахтияр бөлісті.
Аурухана қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Өйткені, ақпараттандырылған болу – өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаудың алғашқы қадамы!
Есіңізде болсын: кіммен жұмыс істеп жатқаныңызды әрқашан тексеріңіз және күмәнді схемалардан аулақ болыңыз.
Сақ болыңыз, өзіңізді қорғаңыз!