Біздің ауруханаға жедел медициналық жәрдем бригадасымен 5 жасар бала бетінің көптеген кесілген жарақаттарымен жеткізілді. Оны кезекші травматолог пен жақ-бет хирургі тексерді.
Жағдайы ауыр болды, сондықтан Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Гусейнов Ю.А., Жаканов Т.В. және анестезиолог Керейбаева К.К. бастаған дәрігерлер тобы жедел отаға кірісті.
Диагноз: беттің, құлақ маңының, самайдың, жақ асты аймағының сол жағындағы және жоғарғы еріндегі көптеген кесілген жарақаттар.
Отадан кейінгі жағдайы тұрақты, бала әрі қарай ем алу үшін профильді бөлімге ауыстырылды.
Дәрігерлер тобына жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреміз!