Жаңалығымызбен бөлісеміз!
Балалар травматологиясы мен ортопедиясы бойынша дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы басталды!
10–20 ақпан 2025 ж. аралығында мамандар балалар мен жасөспірімдердің туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қол деформацияларын хирургиялық емдеудің инновациялық әдістерін зерттеуде.
Лектор: Чикинаев Агабек Алибекұлы – ортопедия және реабилитация бөлімінің меңгерушісі.
Ұзақтығы: 120 сағат / 4 кредит.
Курс соңында қатысушылар белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәлік алады.