Қоғамда үлкен резонанс тудырған жағдайға байланысты бүгін дәрігерлеріміз пышақ жарақатын алған балаға қатысты түсініктеме берді.
Операциялардың тығыз кестесіне қарамастан, олар барлық қызықтырған сұрақтарға жауап беруге уақыт тапты. Айта кету керек, пациенттің құпиясына жататын ақпарат жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Ол белсенді, барлық қажетті емді толық көлемде алып жатыр. Өмірлік маңызды көрсеткіштері қалыпты.