ЖАҢЫЛЫҚТАР

Өмір үшін күрес… және мультидисциплинарлық команданың ерлігі

Күнделікті бір күн күтпеген трагедияға айналды. Кішкентай қыз көшеде тұрған сәтте жанынан ауыр жүк көлігі – бетономешалка өтіп бара жатты.

Бір ғана сәт, және оның денесінің төменгі бөлігі алып машинаның доңғалақтарының астында қалды.

Бала ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілді: үшінші дәрежелі травматикалық шок, көптеген жарақаттар, толықтай зақымдалған және тұрақсыз жамбас сүйектері.

Диагноз:

Тұрақсыз, қатты зақымдалған жамбас және төменгі аяқ сүйектерінің көптеген сынықтары.

Өміріне қауіп төндірген үшінші дәрежелі травматикалық шок.

Жұмсақ тіндердің ауыр жарақаттары.

Алайда таңғаларлық жайт – қуық зақымданбай аман қалды, бұл осындай ауыр жарақат кезінде сирек кездесетін жағдай.

Әрбір секунд қымбат еді. Баланың өмірін құтқару үшін Бас хирург - Байғиреев Р.М. жетекшілік еткен мультидисциплинарлық команда шұғыл түрде іске кірісті:

Жамбасты операция жасағандар: Травматология бөлімінің меңгерушісі - Дүйсенбаев А.А. және Травмпункт меңгерушісі - Садуова Б.К.

Жыныс мүшелері аймағындағы зақымдануларды операция жасағандар: Уронефрология бөлімінің меңгерушісі - Қалимқұлов А.М. және гинеколог - Күдерина А.А.

Шұғыл көмекті үйлестірген: Қабылдау бөлімінің меңгерушісі - Шокаев Е.Р.

Әр кезеңде науқастың өмірі мен тұрақты жағдайы үшін анестезиолог-реаниматологтар тобы анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Тілекберді С. жетекшілігімен күресті.

Кәсібиліктің, өз ісіне адалдықтың және командалық жұмыстың арқасында дәрігерлер тек баланың жағдайын тұрақтандырып қана қоймай, оған толыққанды қалпына келу мүмкіндігін сыйлады.

Бұл оқиға – қазіргі заманғы медицинаның, дәрігерлердің бірлігі мен ерлігінің ең ауыр жағдайларда да жеңіске жетуге қабілетті екенін дәлелдейді.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.