Бізге Қырғызстаннан жоғары иық сүйегі - Шпренгель ауруы диагнозы қойылған науқас келді. Бұл – дене қалпына әсер ететін, иық белдеуі қозғалысын шектейтін және хирургиялық емдеуді қажет ететін сирек кездесетін ортопедиялық патология.
Ота травматолог-ортопед Жұмабеков Бахтияр Абдикерімовичтің @abdikerim.bakhtiyar кәсібилігі мен заманауи емдеу әдістерінің арқасында сәтті өтті. Нәтижесінде кішкентай пациент қозғалыс еркіндігіне ие болып, болашағына деген сенімі артты.
Ата-аналардың шынайы алғысын есту – біздің командамыз үшін ең үлкен мотивация!