Ауруханамыздың базасында мәслихат депутаты - Айтхожин Азамат Серікұлы мен «AMANAT» партиясының аудандық филиалы «Алматы» атқарушы хатшысы - Актайлакова Гүлмира Нұрланқызының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында назар аударуды және шешуді қажет ететін өзекті мәселелер талқыланды. Жақын арада оларды тиімді шешу жолдары табылатынына үміттенеміз. Сонымен қатар, іс-шара аясында аурухана қызметкерлеріне партиялық билеттер табысталды.
Қатысушыларға ашық пікір алмасқаны және қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!