Біздің ауруханаға алдыңғы құрсақ қабырғасында ауырсыну шағымымен 10 жастағы бала түсті. Тексеру барысында дәрігерлер ауырсынудың ерекше себебін анықтады — баланың алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықетінде тіс шұқығыш (зубочистка) табылды!
Белгілі болғандай, бала тіс шұқығышты байқамай жұтып қойған, бірақ ол қашан болғанын есіне түсіре алмады. Ұзақ уақыт бойы бөгде зат қатайып, тас тәрізді тығыздыққа ие болған. Бұл жағдайдың бірегейлігі — тіс шұқығыш ішекті тесіп өтіп, өздігінен алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықетіне өтіп кеткен. Басқаша айтқанда, ағза қауіпті затты өзі “ығыстырып шығарып”, ауыр асқынулардың алдын алған.
Біздің хирургтер лапароскопиялық ота сәтті өткізді. Аурудың ерекше ағымының арқасында қосымша араласулардың қажеті болмады — ішектегі тесік өздігінен жабылып, құрсақ қуысына зақым келтірілмеді.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында.
Ота жасаған тәжірибелі дәрігерлеріміз:
• Баймульдин Серік Қазбекұлы — шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі,
• Турганбай Даурен Асанұлы — ассистент,
• Нуриев Ернар Хамитұлы — анестезиолог.
Бұл жағдай тағы да іштің кез келген ауырсынуында уақытылы дәрігерге қаралудың маңыздылығын және балаларға бөгде заттарды жұтудың қауіпті екенін түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
https://www.ktk.kz/kz/news/video/2025/03/14/293032/