Туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған бет-жақсүйек және тіс-жақсүйек жүйесінің ақаулары мен деформациялары және олардың салдары бар балаларға кешенді мультитәртіптік емдеу орталығының ашылуы.
Күні: 01.03.19
Уақыты: сағ. 10:00
Өткізу орны: Астана қ.
Мекен-жайы: Астана қаласы Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы»
2019 жылдың 1 наурызында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК-ның базасында құрамына:
- Жақ-бет хирургиясы бөлімі;
- Ауыз қуысын санациялау және жалпы анестезия арқылы амбулаториялық операцияларды жүргізу стоматологиялық кабинеті;
- Тістехникалық зертхана;
- Стоматология бөлімшесі;
- Жақ-бет хирургының консультативтік кабинеті;
- Шұғыл стоматологиялық көмек кабинеті;
- Жақ-бет хирургының шұғыл көмек кабинеті;
- Стационарлық науқастарды стоматологиялық санациялау кабинеті кіретін туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған бет-жақсүйек және тіс-жақсүйек жүйесінің ақаулары мен деформациялары және олардың салдары бар балаларға кешенді мультитәртіптік емдеу орталығының ашылуы жоспарланып отыр.
Орталықтың негізгі міндеттері - бет-жақ аймағының туа біткен және жүре пайда болғае аурулары, бет пен мойынның қатерсіз ісіктері, ауыз қуысы мен тіс аурулары бар балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтау, бақылау, диагностикалау, емдеу әдістерін әзірлеу, жетілдіру және енгізу.
Іс-шара «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас маманы Примкулов Ж.А. қатысумен өткізіледі.