ЖАҢЫЛЫҚТАР

Бүгін, 2025 жылғы 18 наурызда, республикалық «Акниет» кәсіподағының шақырылған медициналық адвокаты Буркитбаев Еркебұлан Өтегенұлымен «Медициналық қызметкерлерді пациенттермен қақтығыс жағдайларында қорғау» тақырыбында дәріс және кездесу өтті.

Жиын барысында медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау бойынша құнды ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, психолог пен қауіпсіздік қызметі пациенттердің агрессиясын болдырмау және оған дұрыс әрекет ету бойынша практикалық кеңестер ұсынды.

Медицина қызметкерлеріне физикалық және психологиялық қысым көрсету жағдайларының артуына байланысты мұндай кездесулер ерекше маңызға ие.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.