Қала ұйықтап жатқанда, операция бөлмелерінде балалардың өмірі үшін күрес жүріп жатады. Бұл – Жақсылықов Марат Әбдіманапұлының түнгі кезекшілігіндегі сәттердің бірі.
Бүкіл команда біртұтас жұмыс істейді: анестезиолог баланың жағдайын қадағалайды, ассистент операцияның сәтті өтуіне көмектеседі, ал операциялық медбике хирургтың әр қимылын дәл сезініп, қолдау көрсетеді. Ал хирург – ең қиын шешімдерді қабылдап, кішкентай науқасты құтқару үшін барын салады.
Шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін алғыс! Сіздердің еңбектеріңіз баға жетпес!