“Дені сау ұлт” ұлттық жобасы аясында өткен Ашық спартакиадада Біздің команда шахмат жарысында 3-орынға ие болды!
Астана қаласы және Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткен бұл сайысқа 22 команда қатысып, бәсеке жоғары деңгейде өтті. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе мен жетістікке толы жарыс!
Бұл – ұжымдық бірліктің, табандылықтың және ойлау шеберлігінің жеңісі!
Барша қатысушыларға және қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!