ЖАҢЫЛЫҚТАР

Ауруханаға 6 айлық сәби ауыр күйік жарақатымен түсті – ол үстіне электрлік шайнектегі қайнаған суды төгіп алған.

Нәтижесінде, бала I-II-IIIА дәрежелі термиялық күйік алды, ол денесінің 25%-ын қамтыды: басы, беті, мойны, кеуде қуысы, іші және екі қолы.

Ауруханаға бара жатқан жолда сәбидің жүрегі тоқтап қалды, алайда біздің дәрігерлер оны сәтті реанимациялап, өмірін құтқарып қалды.

Комбустиологтар шұғыл түрде күйікке қарсы ем жүргізді. Дәрігерлердің кәсібилігі мен баланың өмірге деген күресі нәтижесінде жағдайы тұрақтанды.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығарылуға дайын.

Біз күн сайын адам өмірін құтқаратын дәрігерлерімізбен мақтанамыз!

Ыстық сұйықтықтармен абай болыңыз, әсіресе кішкентай балалардың жанында!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.