ЖАҢЫЛЫҚТАР

Үстіне ыстық су төгіліп, денесінің 25%-ын күйік шалған. Жазатайым болған жағдайдан шок алған баланың жүрегі ауруханаға бара жатқан жолда тоқтап қалған. Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына дереу жеткізілген сәбиге дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті.

Астаналық дәрігерлер 6 айлық сәбиді ажалдан аман алып қалды. Әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек 4-5 минут уақыт беріледі. Ал бұл сәбидің жүрегі 10 минут соқпаған.

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасының «Жақсылық жаса» бағдарламасына баланың өмірін аман алып қалған дәрігерлер қатысады.

«Сәбидің күйік ауданы 25 пайыздан жоғары болды. Денесінің көп бөлігі зардап шеккен. 10 минут жүрегі тоқтап қалғандықтан, жағдайы аса ауыр болды. Бірақ біз барлық шараны қолдандық. Қазір жағдайы бір қалыпты», - дейді маман.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.