Бүгін Астанадағы «AMANAT» партиясы ғимаратында өткен Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес отырысына қатыстым.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы талқылау барысында балаларды сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау мәселесін көтердім: биіктіктен құлау, суицид әрекеттері және улану жағдайлары. Соңғы айлардағы статистика алаңдаушылық туғызады және жүйелі тәсілді талап етеді.
2025 жылдың алғашқы үш айында біздің ауруханаға жарақатпен 22 905 бала жүгінді, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға артық.
5 суицид әрекеті тіркелді — 3 студент және 2 мектеп оқушысы. Тек осы жылдың үш айында биіктіктен құлаудың 18 жағдайы тіркелді, оның ішінде сәуір айында 2 бала қайтыс болды.
Зардап шеккен балалардың жасы — 1 жастан 18 жасқа дейін. Бұл барлық жас санатындағы балалардың қауіп-қатер аймағында екенін көрсетеді.
Біздің ортақ міндетіміз — ведомствоаралық алдын алу тетігін қалыптастыру, қамқоршылық органдарының рөлін күшейту, сондай-ақ ата-аналардың балалар қауіпсіздігі үшін ортақ жауапкершілігін арттыру.
Бұл — өте маңызды мәселе. Оны елемеуге болмайды. Балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін дәрігерлер, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер және ата-аналар бірігіп әрекет етуі қажет.