Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шоранов Марат Едигеевич қолдауымен «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясын ұйымдастырды. Халықаралық отбасы күніне арнап өткізілетін осы акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының аумағына ағаштар егіліп, беседкалар орнатылды.
Акцияның мақсаты: халықтың елдің барлық қалаларындағы әлеуметтік маңызды объектілерді абаттандыруға және көгалдандыруға жеке үлесін қосу арқылы азаматтық ұстанымды жандандыру. Акция аясында шамамен 180 көшет отырғызылды.
Раушан Сарсембаева, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:
«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл күні әр елдерде отбасы құндылығын насихаттау және қоғамдағы әйелдер мен балалардың проблемалары туралы хабарландыруды арттыру үшін түрлі шаралар мен акциялар өткізіледі. Отбасы арқасында мемлекеттіміз нығайып дамиды. Елдің хал-ахуалы артады. Сондықтан біз бұл мерекені ерекше, пайдалы істермен атап өткіміз келеді».
Акцияның басты негізі – отбасы, ана мен бала рөлін арттыру сияқты міндеттерді қамтиды, ол мемлекет деңгейінде ғана емес, сонымен бірге барша азаматтық қоғамның тікелей белсенді жұмылуы арқылы шешілуі тиіс. Әрі «Ана мен бала аллеясы» акциясы экологиялық отбасылық дәстүрді таратудың аспабына айналуы тиіс, яғни жас ұрпақты жасыл желекке ұқыпты қарауға тәрбиелеу қажет.
Отбасы және отбасылық-неке қатынастары институтын нығайту – гендерлік саясаттың негізгі міндеттері болып табылады. Отбасылық институтты нығайту үшін, қоғам отбасында білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, адамгершілік-рухани тәрбие сияқты маңызы зор факторларды бақылауға алуы тиіс.
Акцияға қала басшылығы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы, әріптестер, қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері қатысты.
Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы «Ана мен бала» 20 аллеясы және саябақтары жобасының аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Керуен-25 игі іс» жобасының (2016 жыл) аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына елдің барлық өңірлерінде перзентханалар мен балалар ауруханасының аулаларында көшеттер егу акциясы өткізілді.
«Ана мен бала» аллеялар мен саябақтар акциясын өткізу уақытында ел өңірлерінде 20-дан астам жаңа «Ана мен бала» аллеялар мен саябақтары құрылды. 7000 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылып, 10 000-ға жуық гүлдер егілді. Саябақтар ана мен балаға тікелей қатысы бар мекемелердің жанында көзделді, бұл жас ұрпақтың санасына көшеттерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу – экологиялық отбасылық дәстүрді қалыптастыруда аса маңызды.