Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылғы 7-8 маусымда сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін №2 қалалық балалар ауруханасында «Сүндет 2019» акциясы өтіп жатыр. Әкімдік берген тізіміне сәйкес, көп балалы отбасылардан 3-7 жас аралығындағы 110-нан астам балаларға арнап «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.
Мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балаларға өтеусіз негізде «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.
Акция аясында үздік мамандандырылған 10 балалар хирургтары ат салысады. Сонымен қоса акцияға Урологтар қоғамының Конгрессіне келген үздік урологтар да шақырылды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының қолдауымен арнайы балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мешіт және аудан әкімдіктерінің өкілдері, урологтар қоғамының Конгресіне келген Түркияның шетелдік қонақтары шақырылды.
Gdb2astana.kz ресми сайтының «Ата-аналардың назарына» бөлімінде операциядан кейінгі кезеңде күту бойынша жадынама орналастырылған.