Елімізде қазіргі Денсаулық сақтау жүйесімен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіліп жатыр. Жүйе жүзеге асқан соң медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсарып, бәсекелестік артады, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады.
МӘМС шеңберінде зертханалық және диагностикалық қызметтер, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді болмақ. Ұзын саны 11 миллионға жуық адамды құрайтын азаматтардың жеңілдік берілген санаты мемлекет тарапынан сапалы және қолжетімді медицинамен толық қамтамасыз етіледі.
Жалпы, 2020 жылы халықтың шамамен 95 пайызы МӘМС жүйесіне қатысушылар қатарына қосылады.
Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарыңыз болса, 1406 байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.
(Байланыс орталығы сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді санамағанда, күн сайын ⏰09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін).