2019 жылғы 11-12 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасының базасында «Сүндет 2019» акциясы аяқталды. Көп балалы және әлеуметтік мұқтаж отбасылардың 3-7 жас аралығындағы 110 балаға «Nur Otan» партиясының елордалық филиалының берген тізіміне сәйкес қайырымдылық негізде сүндетке отырғызылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Араб Әмірлігінің Елшілігі және «Ummet» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, сондай-ақ мешіт өкілдері де шақыртылды.
Мақсаты – көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балалар «Циркумцизия» (сүндетке отырғызу) медициналық қызметін өтеусіз негізде алды.
Акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының 10 балалар хирург дәрігерлері жұмылдырылды.
Балалар рәсімнен кейін назарсыз қалмады. Әр балаға ойыншықтар мен тәттілер берілді. Барлық ата-аналарға операциядан кейінгі балалар күтімі бойынша жадынамалар таратылды.