ЖАҢЫЛЫҚТАР

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) басталуына санаулы ай қалды. МӘМС-тің негізгі басымдықтары – халықты кеңінен қамту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Мемлекет еліміздің 11 млн-ға жуық азаматына сақтандыру пакетін алуға кепілдік береді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметті тұтынушылар қатарынан болады.

Жеңілдік берілген азаматтар қатарына кімдер жатады? Назарларыңызға жарналарын мемлекет төлеп беретін азаматтардың жеңілдік берілген 15 санатын ұсынамыз:
▶️1) балалар;
▶️2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
▶️3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
▶️4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
▶️5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
▶️6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
▶️7) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
▶️8) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;
▶️9) мүгедектер;
▶️10) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
▶️11) жұмыс істемейтін оралмандар;
▶️12) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
▶️13) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар;
▶️14) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
▶️15) тергеу изоляторларында отырғандар.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.