Эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік МӘМС үшін жеңілдетілген төлем мерзімін 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін ұзартты. Бұл дегеніміз, барлық қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды төлеуге қарамастан, МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Яғни, 1 шілдеге дейін барлық медициналық қызметтер әр адамға ТМККК және МӘМС – бірден екі пакетте тегін және толық көлемде көрсетіледі.
Алайда, бұл кезең кейінге қалдырылған кезең болып табылмайды және төлеушілерді міндетті ай сайынғы төлемдерден босатпайды. Егер тұлға жеңілдік мерзімі өткеннен кейін, төленбеген айлар үшін МӘМС-ке жарналар жүргізбесе және медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмаса, онда ол сақтандырылмаған болып саналады және медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шегінде ғана ала алады.
Жүйеге одан әрі қатысу және сақтандырылған мәртебені алу үшін, ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезең, яғни МӘМС пакетін пайдаланған 6 ай үшін, МӘМС-ке жарна жасау қажет.