1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында Spina Bifida диагнозымен ауыратын балаларға арналған акция өтті.
Балаларға нейрохирург, ортопед, уролог, невропатолог, реабилитолог сияқты мамандар тегін консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. Сондай-ақ балаларға аурухананың атынан кішігірім сыйлықтар сыйланды, ал балалар өз кезегінде дәрігерлерге алғыс ретінде өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.