ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 6-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) кірістілігі мен дамуын арттыру, қызметтің ең перспективалы бағыттарын анықтау мақсатында, Кәсіпорынның шығармашыл, бастамшыл қызметкерлерді қолдау үшін БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2020 жылғы 20 қарашадан бастап 2021 жылғы 20 маусым аралығында бизнес-идеялар конкурсы өткізілсін.
  2. Конкурс кезеңдерінің мерзімдері белгіленсін:

I кезең «Бизнес-идея» 2020 жылғы 20 қарашадан бастап 27 қараша бойынша.

II кезең «Бизнес-жоспардың тұсаукесері» 2020 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 9 желтоқсан бойынша.

Жеңімпазды жариялау II кезең – 2020 жылғы 15 желтоқсан.

III кезең «Бизнес-идеяны жүзеге асыру» 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 мамыр бойынша.

Жеңімпазды жариялау III кезең –2021 жылғы 20 маусым.

  1. Бизнес-идея конкурсын өткізу туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
  2. Конкурсты өткізу бойынша конкурстық комиссияның құрамы бекітілсін (2 Қосымша).
  3. Бизес-идеяларды алдын-ала қарауды қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның жанындағы жұмыс тобы бекітілсін (2 қосымша).
  4. Сыйақы мөлшері белгіленсін:

«Үздік бизнес идея» номинациясы үшін  500 000 теңге (3 орын).

«Үздік бизнес-идеяны жүзеге асыру» номинация бойынша жеңімпазға 2 000 000 теңге.

  1. Директордың қаржылық-шаруашылық бөлімінің орынбасары (Р.Т.Мамаева) тиісті кезеңдерге Кәсіпорын бюджетінен жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қаражат қарастырылсын.
  2. Стратегия, жоспарлау және білім жөніндегі менеджер Кәсіпорынның сайтында бизнес-идеялар конкурсы туралы ақпаратты орналастырсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Бұйрық (pdf форматында қарау)

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.