20-22 қыркүйекте "BI-Жұлдызай" корпоративтік қорының "Тәлімгерлік" жобасы аясында Қазақстанға "Балалар денсаулығының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" ФМАУ нейроортопедия және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі (Мәскеу қ.), SICOT халықаралық травматолог ортопедтер қоғамының, EPOS Еуропалық балалар ортопедтері қоғамының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Константин Владимирович Жердев келді.
Ментордың келуі және балаларға екі бірегей операция жасау Айдын Рахимбаевтың жеке коллекциясындағы сағаттарды сату бойынша қайырымдылық акциясының арқасында жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы мамандандырылған "Үміт" балалар үйінен жетілмеген остеогенез диагнозымен 4 және 6 жастағы екі баланы операциялық емдеу жоспарлануда. Операция Нұр-Сұлтан қаласының «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында», ортопедия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Ағабек Әлібекұлы Чикинаевпен және дәрігерлер Бахтияр Әбдікерімұлы Жұмабеков, Арсен Нұрлыбекұлы Қалиев, Роман Юрьевич Соколовпен бірлесіп жасалуы жоспарланды.
Барлық дәрігерлер мен балалар атынан @bi.juldyzai.fond қорына, директоры Исабаева Гүлханға ынтымақтастық және көмек үшін алғыс білдіргіміз келеді.