ЖАҢЫЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" қызметкерлері жаппай вакцина алуда. Күз келді, онымен бірге жайсыз ауа-райы мен суық келді.

Осы мезгілде организмнің қорғаныс күштері әлсірейді және тұмау, суық тию қаупі артады. Кез келген адамның міндеті организмге вируспен күресуге көмектесу – біз аурудың алу үшін немесе кем дегенде ауру барысын жеңілдету үшін дәрумендер іше бастаймыз, кез-келген профилактика шараларын жүргізуге кірісеміз. Сонымен қатар, медициналық мекемелер эпидемияға қарсы күрестің – аурудың алдын-алудың тағы бір әдісі, тұмауға қарсы вакцинацияны бастайды.

Тұмауға қарсы вакцинация – халық қолданатын профилактика әдістеріне қарағанда, қорғанудың сенімді әдісі. Тұмау вирусы үнемі өзгеріп отырады және жыл сайын әртүрлі штамдар таралуы мүмкін. Сонымен қатар, вакцинациядан пайда болған иммунитет уақыт өте келе әлсірейді. Тұмауға қарсы маусымдық вакциналар осы кезеңде таралатын вирустардан ең жақсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін жыл сайын жаңартылады.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.